Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

АҚШ-та зәулім ғимарат құлап, 100-ге жуық адам үйінді астында қалды

AstanaTV
25.06.2021ж. 20:00
2578
АҚШ-та зәулім ғимарат құлап, 100-ге жуық адам үйінді астында қалды

АҚШ-та зәулім ғимарат құлады. Апаттан үш адам қайтыс болып, жүзге жуық адам табылмай жатыр. Қайғылы оқиға Флорида штатында болған. Мұнда күтпеген жерден 200 адам тұратын 12 қабатты кешен опырылып түсіпті. Қазір құтқарушылар үйінділерді аршу үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Бірнеше сағат бұрын бұл үлкен қоқыс үйіндісі 200-ге жуық адам тұратын ғимарат еді. Тұрғын үйде 135 пәтер болған.

Инесс, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:

Әрине өте қиын жағдай. Бірақ құтқарушылар азаматтарды тез арада құтқарады деп үміттенем.

12 қабатты «Champlain Towers» кешені 1981 жылы салынған. Апат кезінде ғимаратта қанша тұрғын болғаны белгісіз. Құтқарушылар үйінді астынан 35 адамды шығарды.

Данэлла ЛЕВИН КАВА, МАЙАМИ-ДЕЙД ОКРУГІНІҢ МЭРІ:

Сонымен, бұл қайғылы оқиғадан бері шамамен он бес сағат өтті. Біздің адамдар тәулік бойы жұмыс істейді. 102 адам анықталды. Бізде әлі де кем дегенде 99 хабар-ошарсыз кеткен адамдар бар.

Құтқару жұмыстарына кинологтар да тартылған. Полиция зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін айтады.

Алан КОМИНСКИ, МАЙАМИ-ДЕЙД ОКРУГІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Біз күндіз-түні жұмыс істейміз. Бұл баяу процесс, әрине, көптеген қауіптер бар. Сондықтан біз де өте сақ болуымыз керек.

Қала мэрі Чарльз Беркетттің айтуынша, шатырда құрылыс жұмыстары жүргізілген, Бірақ ауыр техниканың қолданылған-қолданылмағаны белгісіз. Төтенше жағдайдың себептері қазір анықталып жатыр. Оқиға орнына 80-ге жуық өрт сөндіру және құтқару бригадалары жұмылдырылған.

Ғ. Өтемісов