Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Өскеменде диджейлер додасы өтті

AstanaTV
28.08.2017ж. 20:00
1676
Өскеменде диджейлер додасы өтті

Өскеменде диджейлер қазақ күйлерін орындап, өзара жарысқа түсті. «Жас Отан» жастар қанатының 4 съезді қарсаңында өткен конкурс екі кезеңнен тұрады. Алдыңғысы іріктеу кезеңі болса, екіншісі амфитеатрда ауқымды концерт қою міндеті. Бастапқы бәсекеде 10 адам бақ сынады. Оның 5-уі ғана ақтық сайысқа жолдама алды. Гран-При үшін тартысқа түскендер Өскемен қаласы әкімінің кубогын қалай да жеңіп алуға барын салды. Әрине, ақшалай сыйлық та жоқ емес. Жеңімпазға 100 мың теңге. Диджейлерге өнерін паш етуге әрқайсына 23 минут берілді. Шектеулі уақытта шын шеберлер көрермендердің көңілін барынша көтеру керек болды. Ал, бұл оңай емес. Өйткені, жиналғандар әр түрлі жастағы адамдар. Сонда да сыннан сүрінбей өзгелерден оқ бойы озық шыққан Евгений Никишин конкурс жеңімпазы атанды.

Дмитрий Иванин, "DJ  BATTL" қатысушысы:

Бұл жастарға арналған арнайы аудиториясы бар өте тартымды бәсеке. Жастардың клубтық музыкадағы мәдениетін дамытуға сеп болады.  Бүгінгі таңда бұл бағыттағы бәсеке ұмыт қалғалы қашан. Сондықтан, бұрынғы кездегідей тамырына қан жүгіргенін қалаймыз.  Жастар арасында жандандырып, дамыту үшін біз барымызды салатын боламыз.