Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодар облысында шаруа мал сатып алам деп алданып қалған

AstanaTV
01.07.2021ж. 20:00
1768
Павлодар облысында шаруа мал сатып алам деп алданып қалған

Ал Павлодар облысында мемлекеттік бағдарламамен мал сатып алған фермер   алданып қалған. Оған Ресейден асыл тұқымды сиыр әкеліп берген адам малдың құжатын бермепті. Соның кесірінен  қожалық иесі шығынға баттым дейді. Себебі ол  малды сатып алу үшін "Сыбаға" бағдарламасымен несие алған.   Енді оны растайтын құжат  болмағандықтан іс сотқа жетіп,  фермер қарызды артығымен төлемек.  Өзгеріс Қуанар жалғастырады.

Жанарыс Әбілхан – 2 жыл бұрын «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен 36 млн. теңге несие алған. Несиенің шарты бойынша малды шетелден әкелу керек болыпты. Фермер Ақсу қаласының әкімдігінің нұсқауымен Ресейден мал әкелген шаруа қожалық иелерімен танысады. Олар оған 59   асыл тұқымды сиыр алып беруге келіскен. Бірақ, малды  әкелсе де, құжаттарын бермепті.  Құжатты үш ай күткен ол ақыры мал жеткізушінің үстінен  полицияға шағымданған. Алайда, іс қылмыстық құрам жоқ деген сылтаумен екі рет сотқа жетпей жабылып қалыпты.

Жанарыс ӘБІЛХАН, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Істі осымен 2 мәрте жапты. Үшінші мәрте жабылып қалатынына сенімдіміз. Өйткені, ешқандай сенім жоқ біздің тергеушіге.  

Қожалық құрылтайшысы полиция істі жапқан соң, Бас прокуратураға арызданған. Ондағылар істің бір жақты қаралғанын айтып, қайтадан тергеу жүргізуге шешім шығарыпты. Алайда, Бас прокуратураның да талабы орындалмады дейді шағымданушы.   

Жанарыс ӘБІЛХАН, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы іске байланысты Павлодар облысында 6 адам сотталды осы іспен айналысқан мал әкеліп беріп неткен. Соның ішінде мен айтып тұрған Аймұханов Сұңғат 5 жыл шартты түрде сотталды. Егер ол ақ жанағыдай ешқандай несі болмаса ол адамның үстінен соттан осындай шешім шықпас еді. Павлодар облысында осылардан жалғыз зардап шеккен мен ғана емес. Менен басқада 5-6 шаруа қожалығы бар.

Ресейден малды алып келген азамат болса "құжат жасап беруге уәде еткен  жоқпын" дейді.

Сұңғат АЙМҰХАНОВ:
 
Жоқ мен оған әкеліп беруін әкеліп бердім. Қалғанын ол өзі шешем деді. Мен документ қандай берем. Құр мал алып кел – деді. Менімен бірге Ресейге барып келді. Мен таңдап алам. Сол алып келдік малды көрсеттік. Малды өзі таңдады. Алып келді.

Бұған қатысты полиция департаменті қайтадан іс қозғаған.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Ақсу қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 195 бабы, 4 бөлімі, 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын қайта жүргізуді бастады.

Ал несие берген «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауы» қоры фермердің жағдайын түсіне келе оның дүние мүлкін тәркілеуден бас тартқан. Шығынғы ұшыраған шаруаға жеңілдік жасап, несиені қайтарудың оңтайлы кестесін жасап бергендерін айтады.  

Ө. Қуанар