Ал Шымкентте көкөністің бағасы сәл арзандаған. Бүгін үшінші мегаполистегі азық-түлік тауарлары мен көкөністердің құнын тұрақтандыру мақсатында жылыжайлар мен базарларды аралаған «Nur Otan» партиясының өкілдері осыған көз жеткізді. Бірақ партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша бағаны тұрақтандыру мақсатында қолға алынған агро кешен жобасы жүзеге асырылмай тұр. Оған не себеп? Өңірден-Айзада Төребекқызы.
Мынау бос жатқан атшаптырым алқапта бұл уақытта жылыжай жұмысы қызып, осы қыркүйекте алғашқы өнім жиналуы тиіс еді. 2018 жылы Шымкенттің агроиндустриалды аймағына 136 гектар жер бөлінген. Соның 30 гектарына жылыжай салу көзделген. Тіпті көкөніс егуге уағдаласқан кәсіпкерлердің кейбіреуі қыруар қаржы құйып үлгеріпті. Бірақ әуежайдың ұшып қону алаңына тым жақын орналасқандықтан бұл жоба кенеттен тоқтатылған.
Асқар ҚАНЫБЕКОВ, ШЫМКЕНТ қ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Былтыр Алматы қаласында Бек эйр самолеты құлағаннан кейін біздің Шымкент қаласының әуежайын жанында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде комиссия құрылған. Аэропорттың маңайында 4 км ұзындығы, шеттерге 900 метр шеттеріне ешқандай құрылыс болмау жөнінде талап қойып отыр. Бүгінгі таңға 8 кәсіпкерлерден жер телімдері қайтадан мемлекетке қайтарып, Мәртөбе тұрғын алабынан жаңадан 140 гектар телім бекітіп, сол жақа көшіріп отырмыз. жалпы жылдың аяғына дейін ол іске қосылады.
Ауыл шаруашылығындағылардың дерегінше, қалада 191 гектар жылыжай бар. Онан жиналған өнім шаһардың 60 пайызын қамтиды. Қалғаны көрші облыстарға жөнелтіледі. Қызанақтың келісі қазір мұнда - 100-150 теңге. Баға өткен аптадағыдан едәуір түсті ,-дейді жылыжайдағылар. Сәйкесінше қала базарларында да қызанақ құны біршама төмендеген. КЕлісі- 150 теңгедан сатылып жатыр. Жергілікті картоп - 180-200 теңге. Аспандап тұрған әзірге сәбіз ғана. 500 теңге. Павлодар өнімі ,-дейді сатушылар.
Үлкен базарда жергілікті сәбіз де бар. Көлеміне қарай 200-300 теңгеден сатылып жатыр.
Еркін САТҚАНБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШҚФ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Баға түсіп жатыр. «Nur Otan» партиясының, біздің кеңестің, қоғамдық кеңестер комиссиялардың мүшелерінің барлығы біз қазіргі кезде күндіз түні осы мәселемен айналысып жатырмыз. Сондықтан халыққа айтуымыз керек бұның бағасы қазір 300 болатын болса, ертең 200 ге, 150 ге түседі деген мынау негізгі жоба бар. Оған сенуге болады.
Әкімдік тарапынан 19 түрлі азық-түлік тауары төмен бағада арнайы дүкендерге жеткізіліп тұрады. Шенділер бағаны бақылап отырмыз дейді. Мәселе партияның да ерекше бақылауында.
Мұратәлі ҚАЛМҰРАТОВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШҚФ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Еттің мәселесін де көрдік. Осы ұсыныспен 1970 теңге тұратын етті араластырып, басқа да бағалармен араластырған екен. Қазір таңда ұсыныс жасап, әлеуметтік бағада тұрған еттің бәрін жеке қойып ол жерге брендирование дейді ғой өзінің сосын әрі қарай жұмыс жасауды ұсынып отырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады. Халыққа берген уәдесін «Nur Otan» партиясы орындайтын болады.
Нұротандықтар айтулы агро кешеннің құрылысын да ұдайы бақылауда ұстайтындарын жеткізді. Партия өкілдері сондай-ақ, шаруаның өнімі сатушыға тікелей жететін амалды қарастырмақ.
А. Төребекқызы