Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

AstanaTV
03.07.2021ж. 20:00
2530
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бүгін елорда күнін тойлау ресми түрде басталды. Жылдағы дәстүр бойынша мемлекеттік ту   көтерілді. Аз ғана уақыттың ішінде   Бас қала дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Елорда-тұрақтылық пен келісімнің ордасы, халықаралық келіссөздер орталығы. Қазір Қазақ елінің астанасын əлем таниды.   Ал егемен елдің көк байрағы – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі, -деді Президент.

Қасым-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге – 30 жыл. Сондықтан бұл рәсімнің тарихи мән-маңызы айрықша. Көк туымыз – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты рәмізі. Халқымыз үшін азаттықтан асыл, байрақтан биік құндылық жоқ.  Қазақтың тарихы «Туың жығылмасын!» деген бір ауыз тілекке сыйып тұр. Бабаларымыз қашанда туын биік ұстаған.

Ғ.Өтемісов