Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қосшы ауылында мектеп құрылысы тоқтап тұр

AstanaTV
03.07.2021ж. 20:00
2785
Қосшы ауылында мектеп құрылысы тоқтап тұр

Елорда іргесіндегі Қосшы ауылының балалары келер жылы да 3 ауысымды мектепте оқуға мәжбүр. Өйткені елді мекенде салынып жатқан білім ошағының құрылысы тоқтап тұр.    Құрылыстың басталғанына 2 жыл болды дейді тұрғындар. Я бітпейді, я қоймайды. Ал жұртшылық елеңдеп, мектептің ашылуын үмітпен күтіп жүргенін айтады.

Қосшыда екі мектеп бар. Онда 7 мыңға жуық оқушы білім алады. Қазір ол толық.  Сондықтан ауыл тұрғыны Нұрсұлу Құсайынова балаларын елді мекеннің екінші шетіндегі білім беру ұйымына тасиды.  Қыстыгүні қатынау оңай емес дейді ол.

Нұрсұлу ҚҰСАИНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қыс мезгілінде бізге қиын. Ауылдың шетінен орталықтағы мектепке апарамын. Балаларым мектепте үш ауысыммен оқиды, ауылдағы екі мектепте лық толы. Сол үшін балаларымызға мектеп өте қажет.

Осы мәселені шешу үшін ауылда екі жыл бұрын жаңа мектептің құрылысы басталған. Бірақ ол қазір тоқтап тұр дейді жұрт. Ал жұмысшылар   тірліктің не үшін  тұралағанын білмейді.  

ЖҰМЫСШЫ:

Жазда бітіп келе жатыр, шын айтса қыста қандай жұмыс енді сылайтын жерлері бар, өретін жерлері бар ол қатып қалады дегендей кафель төсеу керек я пеші жоқ я ештемесі жоқ салынып жатқан. Сол енді ана жоғарғы жаққа қарап отырмыз, жұмыстан ешкім қашып жатқан жоқ, жұмыс деген жүреді.


Ал, жауаптылар мектеп жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін айтады.  Қосымша қаржы мәселесін шешіп жатырмыз дейді.

Нияз БАЙҒОЖИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында  жобаны аяқтауға ағымдағы жылы шілде айының үшінші онкүндігінде 792,629 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда. Шарт талаптарына сәйкес нысан биыл желтоқсан айында пайдалануға беріледі. 
   

Бас шаһар жанындағы ауылына көшіп келушілер өте көп. Сәйкесінше, мектепте оқитын бала саны да артып жатыр. Биыл мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.

Қанат АХМЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 1030 оқушы келеді деп жоспарлануда. Үш ауысымдықты шешу мақсатында Қосшы ауылында 3 ші мектеп құрылысы жүргізілуде.

Құзырлы орындар мектеп құрылысы жоспарланған мерзімде есігін айқара ашады дейді. Ол үшін барлық тиісті жұмсытар жүргізіледі.

Ғ.Өтемісов