$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Мамандар «Каспийде итбалықтар қырылды» деген ақпаратты жоққа шығарды

AstanaTV
19.04.2016ж. 20:00
2133
Мамандар «Каспийде итбалықтар қырылды» деген ақпаратты жоққа шығарды

Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылу дерегі расталмады. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқалиев «Астана» арнасына берген сұқбатында мәлімдеді.  

Айта кетейік, сәуірдің 14-і күні  Каспий теңізінің солтүстік шығысында теңіз арнасын салып жатқан «Теңіз Сервис» мекемесі қызметкерлері 40 итбалықтың қырылып қалғанын тиісті органдарға хабарлаған. Облыста шұғыл топ құрылып, аумақты аралап қайтады. Нәтижесінде итбалықтың бір ғана күшігінің өлексесі табылған. Мұрат Ермекқалиев "компания мамандары теңіз суын ластамас үшін өлексені көрген бойда судан шығарып, көму керек болатын. Алайда оны жасамады",- деп отыр. Сондықтан мамандар жел бағытымен теңізде жүрген бірлі-жарым итбалық өлексесі болуы мүмкін»,- деп болжам жасады. Экологтар теңіз суынан сынама алып, зертханаға жіберді. Ал итбалықтың өлексесі сынама алуға жарамсыз болып шықты.

Мұрат Ермекқалиев, Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысы:

40 шақты итбалықтың өлексесі табылды деген ақпарат расталған жоқ. Тексеру нәтижесінде 1 ғана теңіз жануары табылды. «Итбалықтардың өлексесін көрдік» деген екі адам да бізбен бірге болды. Оның бірі - голландиялық азамат 40 күн бойы итбалық өлексесін санағанын айтты. Яғни желдің бағытымен қозғалып отырған бір-екі итбалықты көрген болуы мүмкін. Шұғыл топ теңізден майлы дақтарды да, судың ластанғанын да байқаған жоқ. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ