$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда «қою қызыл» аймақ ұғымы енгізілді

AstanaTV
30.07.2021ж. 20:00
3002
Қазақстанда «қою қызыл» аймақ ұғымы енгізілді

Коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге мемлекеттен 1 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін қостанайлық дәрігерлер айтты. Өңірде кеселді жұқтырғандар көбейгендіктен, ақ халаттылар тұрғындарға үндеу жолдады. Қазақстанда «қою қызыл» аймақ ұғымы енгізілді. Мұндай ұғым бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында пайда болды. Ел аумағында аурухана төсегінің 70 пайыздан астамы бос емес. Сондықтан қатаң шектеулер енгізілуде. Мәселен Ashyq мүшелеріне де демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Жалпы, ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Күнделікті 7800 науқас анықталып отыр. Анти-рейтингтің көшбасында - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысы тұр. Айтып өтейін елорданың "Қызыл белдеуде" тұрғанына бесінші айға аяқ басты. Қалада 16 инфекциялық стационар бар.

Т. Оспанбаева