$444.58 €510.29 ₽5.27
×

Таразда су арнасынан сәбидің денесі табылды

AstanaTV
18.09.2026ж. 19:00
Таразда су арнасынан сәбидің денесі табылды

Таразда тағыда жан түршігерлік жағдай орын алды. Жаңа туған нәрестенің денесі су арнасынан табылды. Ең сорақысы ағын сумен ағып келген шақалақтың кіндігі кесілмей, шегі шұбатылған күйі шлюздың аузында тұрып қалған. Су бетінде сұп-сұр болып бозарып жатқан сәбидің жансыз денесін бірінші сол маңдағы ойын балалары байқаған. Жағалауда жүрген жасөспірімдер алғашында қуыршақ деп ойлапты. Кейін арасындағы біреуі атасына хабар берген. Оқиға орнына келген үлкендер жаңа туған шарана екеніне көз жеткізіп, бірден полицейлерге хабар беріпті. Қайғылы жағдай кешқұрым қаладағы орталық «Киров» базарының артындағы каналда болған. Қазір нәрестені дүниеге әкелген анасының жеке басы анықталып жатыр. Ал сәбидің өлі немесе тірі туғаны белгісіз.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.Полиция қызметкерлерімен анасының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толыққанды және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жалғасуда.