Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Түркістан облысында "коронавирус шашылды" деп видео таратқан тұрғын ұсталды

AstanaTV
02.08.2021ж. 20:00
2056
Түркістан облысында "коронавирус шашылды" деп видео таратқан тұрғын ұсталды

Түркістан облысында "коронавирус шашылды" деп желіде видео таратқан тұрғын ұсталды. Бейнежазба авторы далада тұрған Ан-2 ұшақтарын көрсетеді және оның жанындағы цистерналарда "коронавирус" бар деп мәлімдейді. Оның айтуынша, "ұшақпен коронавирус шашылған". Бұл жалған ақпаратты таратқан азаматты Түркістан облысының полициясы ұстады. Ол- Ордабасы ауданының тұрғыны.  Жалған ақпаратты әдейі таратқанын мойындап, кешірім сұрады. Қазір сот алды тергеу жүріп жатыр. Кінәліге 1000 Айлық есептік көрсеткіШ көлемінде яғни, 2 миллион 917 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы   немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру немесе түзеу жұмыстарына тарту жазасы тағайындалуы мүмкін. Айта кетейік, бейнежазбадағы ұшақтар жергілікті кәсіпкерге тиесілі екені анықталды.  Ол   тыңайтқыш шашу үшін қолданған.

Б. Сатуов