Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Таразда бір тәулікте 25 той-жиын тоқтатылды

AstanaTV
02.08.2021ж. 20:00
2208
Таразда бір тәулікте 25 той-жиын тоқтатылды

Таразда бір күнде 25 той тоқтатылды. Өңірде тығылып той жасайтындар тиылар емес.  Тойханалардың есік терезесін жауып алып, жасырын той жасап жатқандарды мониторингтік топ анықтады.  

Қазір тойды   тек тойханаларда емес жалдамалы жер үйлерде де өткізу әдетке айналған.  Карантин талабына бағынбағандарға 10 айда 90 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.  

Рита АЛТЫНБАСОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

Оның ішінде 21 дәмхана бойынша біз сотқа жібердік. Оның шешімдері шықты. Әкімшілік кодекстің 421 бабы,1 тармағы бойынша айыппұл салынады. Егерде ол шағын бизес болса 230 АЕК бойынша айыппұл салынады, ол дегеніміз 670 910 теңге.


Б. Жұмабайұлы