Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Күнбағыс майы 60 пайызға қымбаттаған

AstanaTV
02.08.2021ж. 20:00
2952
Күнбағыс майы 60 пайызға қымбаттаған

Қыспаққа алған қымбатшылық тоқтар емес. Елде бір жылдың ішінде күнбағыс майының бағасы 60 пайызға өскен.  Energyprom.kz сайтының мәліметінше, маусым айында өңірлердегі дүкендер мен базарларда сұйық майдың орташа бағасы-713 теңге болған. Ең қымбат баға- Түркістан облысында. Мұнда майдың литрі 773 теңгеге дейін көтерілген. Дәл осындай шарықтаған баға Нұр-Сұлтан мен Алматыда да байқалады. Ал, ең арзаны Ақтөбе облысында, күнбағыс майының бір литрі - 621 теңгеден сатылған.

А. Данияр