Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Оралда жұмысқа кіргізем деп 70 адамды алдаған әйел ұсталды

Оралда жұмысқа кіргізем деп 70 адамды алдаған әйел ұсталды

Оралдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жұмысқа тұрғызамын деген алаяққа  жетпіс адам алданып қалды.   Күдікті олардың әрқайсысынан 150 мың теңге алған. Тірнектеп жиған ақшасынан аяқ астынан айрылғандар алданғанын кейін біліпті.

Рая ИСМАҒҰЛОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:


Қарызға, кредит алып, осы жұмысқа кірем деп ойлағам. Мен өз басым, процентке ақша алдым қайтарам деп. Бізге 16-сы күні жұмыс болады деді. Ол күні жұмысқа кеткен жоқпыз. Енді ақша да жоқ. Өзіне звондасақ, прям нагло айтып тұр ғой. Менде ақша жоқ, дейді. Мен ақшаны жоғарыдағыларға беріп тастадым. Менде ақша жоқ, сендерге қайдан табам дейді.

Айласын асырған әйел 15 адамды жергілікті обаға қарсы күрес стансасына   апарып, оқытқан. Тіпті олар дәрігерлік қорғаныш киімді қалай пайдалануды үйреніп, сертификат алыпты. "Бірер күннен соң жұмысқа кіресіңдер", деп сендірген. Ал емдеу мекемесінің өкілдері бұдан бейхабармыз дейді.

Надия АХМЕТОВА, БҚО ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз жәбірленушілермен арадағы жазбаны, аудиохабарламаны тыңдадық. Күдікті біздің қызметкердің атын жамылып сөйлескенін білген соң, полицияға арыз жаздық. Өйткені істің басын ашып алғымыз келді. Кейін полиция департаменті ешкімге шығын келмегенін, ақшаның қайтарылғанын хабарлады. Сұрастырған кезде кейбір адамның жұмысқа кіруге 400 мың теңге төлегенін де естідік.

Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті бұған дейін де алаяқтық әрекеті үшін істі болған.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Батыс Қазақстан облысының отыздан астам тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, онымен уәдесін орындамаған 1991 жылы туған азаматша ұсталды. Қазіргі таңда ҚК 190 бабына сәйкес, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ол облыс аумағынан шықпау бойынша қолхат берген болатын.


Облыстық полиция департаментінің дерегінше 70 адамнан арыз түскен. Бірақ олардың 30-ының ғана алданғаны анықталды.

Е. Карин