Елордада зиянкестермен күрестің төртінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Залалсыздандыру жұмыстарының нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласында маса мен шіркей 90 пайызға азайған. Қазір мамандар 111 су қоймасы мен жаңбырдан кейін пайда болатын 123 уақытша таяз су айдындарындағы жәндіктермен күресті бастады. Олардың айтуынша, тазалау жұмыстары демалыс орындары мен адамдар көп жиналатын саябақтарда жүргізілген.
Жанар Бескемпірова, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл жұмыстар қаладағы масалар мен шыбын-шіркейлердің санын азайту аясында жүргізілуде. Неліктен алты тур, себебі алты тур - жазғы кезеңнің алты айы. Айына + 15 күн - әр тур. 15 күн ішінде біз су қоймаларын жабамыз, ашық станцияларды өңдейміз.
Масаларды аулау - маусымдық жұмыс, сәуірде басталып, қазанға дейін созылады. Жұмысқа негізінен жастар тартылады дейді мамандар. Студенттердің қосымша ақша табуға мүмкіндігі бар болғандықтан, олар қаладағы жер телімдерін өңдеуге дайын. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында маса мен шіркейлерді аулау шараларына 150-ден астам адам тартылған.
Нағима ШАТАЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Адамдар алдымен қауіпсіздіктен өтеді, сыртқа шықпас бұрын сүтпен қамтамасыз етіледі. Өзіңіз білесіз, түнгі жұмыста жарық бар, бір жерде жарық жоқ. Жарақаттың алдын алу ескеріле отырып, жұмыстар жүргізілуде.
Сарапшылар қалада масалар мен шіркейлерді аулау қажет екенін айтады. Бұл астаналықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жұмыстар түнде, жәндіктер су жанына және қоғамдық орындарға жиналатын уақытта жүргізіледі.
Б. Сатуов