Елорда әкімдігі қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жан-жақты жағдай жасауда. Қала бойынша дене шынықтыру және спорт саласында жұмыс істеп тұрған 16 мекеме бар. Бұл мекемелерде спорттың 84 түрімен айналысуға болады. Бұл балалар мен қала жастары үшін үлкен мүмкіндік. Жетістікке жетіп үлгергендер де бар. Соның бірі он жастағы Бижан.
Бижан ҚАНАТБЕК, СПОРТШЫ:
Менің каратеге қатысқаныма 4 жыл. Жасым 10-да. Мен жарыстан Семейге, Алматыға, Қарағандыға барғанмын. Орындарым үш медаль үшінші место, бір - екінші место, біреу - бірінші место.
Оған қоса спорт орталықтарының арқасында талай дарынды жастар шаршы алаңдарда топ жарып үлгерген. Соның 5 мыңнан астамы қаланың құрама командаларында. 2 мыңға жуығы Ұлттық құрамаға қабылданыпты. Бұл мекемелерге спортқа деген ынталары бар балалар мен жасөспірімдер ғана қабылданады. Әкімдік тарапынан спортшылар жаттығу формаларымен қамтамасыз етіледі. Мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары да мұнда келіп шынығуына жағдай жасалған. Арбаға арналғандарға да арналған спорттың 36 түрлері бар.
Ақерке ҒАЛЫМҚЫЗЫ, БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Қазіргі уақытта бізде қалада денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 378 875 адамды құрайды. Немесе 31 пайызы барлық халық саны қаладағы. Ол 2020-жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға артқан. 2025 жылға дейін жоспарда 35 пайызға дейін арттыру бар.
Биыл қалада медициналық спорт орталығын ашу жоспарлануда. Оған қоса спортты қолдау аясында жоғары оқу орындарынан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша биылғы оқу жылында қала әкімінің 50 гранты бөлінбек.
А. Базарбай