Елорданың оңтүстік-шығысы жыл соңына дейін толық газдандырылады. 4 мың үйдің тұрғыны көгілдір отынның игілігін көреді. Мәселе "Nur Otan" партиясының бақылауында. Айта кетейік, газдандыру жұмыстарын асыға күткен тұрғындар, құрылыс жұмысының басталмай жатқанына алаңдаған болатын. Еліміздегі жетекші партияның араласуымен мәселе шешімін тапқан. Партияның сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға дейін бас қалада 240 мыңға жуық тұрғыны бар 20 мыңнан астам жеке тұрғын үй табиғи газ желісіне қосылады деп жоспарланған. Бұл - ауадағы зиянды заттарды 70 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Мұхамеджан БОЛЫСБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
8 көшенің белсенді тұрғындары газдандыру мәселесі бойынша бізге жүгінген болатын.Міне бүгін өздеріңіз көріп отырғандай, осы Күншуақ көшесінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп отыр.Міне ол деген сөз тұрғындардың мәселесі, тұрғындардың сұрақтары қараусыз қалған жоқ. Біз бұл жұмысты бақылауда ұстап, сапалы жүзеге асуын қадағалайтын боламыз.
Мақсат СМАҒҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫН РЕСУРСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Құрылыс жұмыстарын аяқтау қыркүйек айының соңына дейін жоспарланған. +одан бөлек оны сынау, яғни опрессовка жұмыстары жүргізілетін болады. Содан кейін газопровод ұлттық қадамына яғни "КазТрансГаз Аймаққа" тапсырылатын болады.
Тұрғындар үшін бұл -көптен күткен қуаныш. Игі бастамаға қолдау білдірген "Nur Otan" партиясына олардың алғысы шексіз.
Сайлау ТЫНЫСБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Біздің ауылымызда Қараөткел ауылы +осындай газ жүргіземіз деп дайындалып жатыр. Рахмет. Бұл ізгі істің басы деп есептеймін. Игі іс, ізгі іс халық үшін ғой осы.
Б. Сатуов