$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары белгілі болды

AstanaTV
26.08.2021ж. 20:00
3230
Елордада "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Елордада "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Жетінші жыл қатарынан өткен ұлттық сайысқа тұрғындардан 120 өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылдармен салыстырғандар 2 есеге көп. Отбасылық сайыс, карантин кезінде өтіп жатқандықтан тек 5 жанұя мараттауға шақыртылыпты. Қала әкімінің орынбасары, үздіктерді таңдау қиын болды, дейді.

Асхат ОРАЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұрын енді тек қана отбасылар өз-өздері ұсынып келсе, бұл жолы үкіметтік емес ұйымдар, жұмыс ұжымдары, әріптестері, әкімшіліктер және отбасылар өздері де байқауға қатысамын деген ниеті бар отбасылар құжаттарын тапсырды, ұсыныстарын білдірді.


2 айға созылған сайыста Самарбаевтар отбасы жеңімпаз атанды. 5 баланы тәрбиелеп отырған отағасы - инженер маманы, зайыбы - болашақ журналистерге дәріс береді. Ал, балалары 3-4 тілді жетік меңгерген. Бүгінгі жеңіс - олардың отау құрған күндеріне тура келіпті.

Сұңғат САМАРБАЕВ, "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ -2021" ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Толқып тұрмыз, біздің таңдап алғанына, біздің лайық деп санағанына біз өте қуаныштымыз. Бүгін тамыздың 26-сы күні үйленгенімізге тура 15 жыл толуына арналған бүгінгі марапаттау  рәсімінде болып жатқанына біздің отбасымызға үлкен сыйлық деп білемін.

Алма САЙЛАУҚЫЗЫ, "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ -2021" ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:


Жеті жыл бұрын ашылған уақытта сол кезде де үміткер болып қатысқанбыз. Бұл біздің - екінші рет бақ сынап көруіміз. Әр баланың жеткен жетістіктерін жинап, 300-400 марапаттың көшірмесін жасадым.  Шын мәнінде жинап жатқан уақытта өзімізге есеп беретіндей мүмкіндік болды.

Енді қалалық кезеңде топ жарған отбасы республикалық байқауда бақ сынамақ. Айта кету керек, "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы Елбасының тапсырмасымен 2013 жылдан бері өткізіледі.

А. Данияр