Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақмола облысында жаңа оқу жылында 10 мектеп пайдалануға беріледі

AstanaTV
27.08.2021ж. 20:00
1509
Ақмола облысында жаңа оқу жылында 10 мектеп пайдалануға беріледі

Ақмола облысында жаңа оқу жылында 10   мектеп пайдалануға беріледі. Ол үшін бюджеттен төрт миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.   Бұл туралы   Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев дәстүрлі тамыз кеңесінде айтты.  

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жыл соңына дейін оқушылардың қауіпсіздігі үшін өңірдегі   барлық оқу орындарында дабыл түймелері мен турникеттер орнатылады. Ал алдағы бес жылда облыста 38 мектеп салу мен 470 оқу ғимаратын жаңарту жоспарланған.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Мектептерді жөндеуге арналған "Жол картасы" және оған 5 миллиард теңге бөлінгені де үлкен назар аударуға тұрарлық.  Және, әрине, бес миллиардқа, егер мектептер жыл сайын жөнделетін болса, онда мектептердің жағдайы қажетті деңгейде болатыны анық.

"Тамыз кеңесінде" "Үздік педагог-2021" байқауында оқ бойы оза шапқан 29 ұстаз марапатталды. Оларға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Айта кетейік, сайысқа мыңнан астам мұғалім қатысып, бақ сынаған.

Ботагөз ДҮЙСЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең үздік орта білім ұйымы және ең үздік кәсіптік коледж. Осы екі деңгейдегі ең үздік ұйымдар білім және ғылым министірі мен облысымыздың әкімінің марапаттауына ие болды.

Бәйгеде бағы шауып, мерейі тасығандардың қатарында  Әлия Заманбекова  да бар.  22 жылдық тәжірибесі бар ұстаз мұндай байқаулардың пайдасы көп дейді.

Әлия ЗАМАНБЕКОВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ:

Елбасымыздың, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кемел саясатының арқасында, мінекей қазіргі таңда ұстаздарға, педагогтар қауымына үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Ұстаздың, педагогтың еңбегінің ақталған нәтижесін көріп отырмыз.


Өңірге жұмыс сапарымен келген министр бірқатар мектеп, колледжді аралап, оқытушылармен кездесті.  Оқулық, бағалау жүйесі, цифрлық платформалар және білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы пікірлерін тыңдады.

Б. Сатуов