$487.37 €532.94 ₽5.09
×

АЭС салуда мемлекет пен қоғамның қажеттілігін ескеру керек,- Қ.Тоқаев

AstanaTV
03.09.2021ж. 20:00
2011
АЭС салуда мемлекет пен қоғамның қажеттілігін ескеру керек,- Қ.Тоқаев

Қазақстанға атом электростанциясы қажет. Оны салуда мемлекет пен қоғамның қажеттілігін ескеру қажет. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресейде өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумында айтты. Бұл мәселе ел ішінде бұған дейінде айтылған еді.  Тіпті, оның құрылысына Алматы облысындағы Үлкен ауылы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының маңы таңдалған болатын. Алайда, жергілікті халықтың наразылығынан кейін, бұл бастама жүзеге асқан жоқ.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әлемдік энергия өндірісінің 60% -дан астамын Азия-Тынық мұхиты елдері, алатынын ескерсек, бұл елдердің алдында жасыл энергияға көшу міндеті тұрғанын болжауға болады. Бұл жерде көміртекті бейтараптылықтың өзекті мәселелері бойынша мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастық ерекше маңызға ие.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға да тоқталды. Ол Қазақстанның неге босқындарды қабылдамау туралы шешім қабылдағанын түсіндірді. Бұған дейін 70 мың Ауғанстан азаматы келеді деген қауесет тараған болатын. Бірақ, бұл ақпаратты Сыртқы Істер министрлігі екі рет жоққа шығарды, деді ол. Дегенмен америкалықтар тәліптерге 85 миллиард доллардың қару-жарағын тастап кеткендіктен, босқындар қауіп сақталатын баса айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ауған босқындарын панаға алуға келетін болсақ, біздің тарапымыздан бұл мәселені оң шешімін тапқан жоқ. Өйткені, Қазақстанның егемендігіне сәйкес келмейтін тұстары өте көп. Елімізге келмекші болған адамдарда тиісті виза жоқ, әрі логистиканың өзі бұл мәселені оң шешуге мүмкіндік бермеді.

Л. Қуанышқызы