$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Батысқазақстандық шенеунік жүргізушісінің кесірінен жаяу қалды

AstanaTV
09.09.2021ж. 20:00
2312
Батысқазақстандық шенеунік жүргізушісінің кесірінен жаяу қалды

Батысқазақстандық шенеунік жүргізушісінің кесірінен жаяу қалды. Бастығының қызметтік көлігіне басқа бір мәшиненің нөмірін таққан жүргізуші жұмыстан қуылды. Полиция департаментінен хабарлағандай, облыстық әкімдіктің көлігі рейд кезінде тоқтатылған.  Құжаттарды тексерген полицейлер көлікке басқа   нөмір тағылғанын анықтапты.   24 жастағы жүргізуші   үш бап бойынша жауапқа тартылып, хаттама толтырылды. Полицейлердің талабын орындамаған ол   медициналық тексеруден өтуден  де бас тартқан.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Бұл азамат мемлекеттік мекемеге тиесілі көліктегі мемлекеттік нөмірді өзінің жеке нөміріне ауыстырғаны, яғни жалған нөмірмен жүргені анықталды. Сонымен қатар ол медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан болатын. Әкімшілік хаттама толтырылды.


Сақшылар бұл темір тұлпардың   Батыс Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиевтің қызметтік көлігі  екенін анықтады. Ал қызметтік көлігінен айрылған шенеунік жүргізушіні жұмыстан шығарған.   

Мұрат ӨМІРӘЛИЕВ, БҚО ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


7 қыркүйекте жұмыстан кейін жүргізушім мені кешкі сағат жеті жарымда үйіме әкеліп, кетіп қалды. Келесі күні таңертең оның осы көлікке жалған нөмір тағып ұсталғанын естідім. Ол көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны үшін жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылды.


Е. Карин