Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкентте финдік жүйемен оқытатын мектеп бар

AstanaTV
09.09.2021ж. 20:00
2902
Шымкентте финдік жүйемен оқытатын мектеп бар

Шымкенттегі Әл-Фараби академиялық мектебі, өңірдегі финдік жүйемен құрылған алғашқы білім ордасы. Өз шәкірттеріне сапалы білім беруді мақсат тұтқан жекменшік мектепте Финляндия елінен келген ұстаздар дәріс беріп жүр. Заманауи білім беру тәсілін қолданысқа енгізген ұжымның тағы қандай жаңалығы бар? Әріптесім Айзада Төребекқызы айтады.

Академиялық мектеп биыл екінші жыл бала оқытып жатыр. Қазір мұнда 1386 оқушы бар. Олар мемлекет тарапынан қаржыландыру арқылы білім алады. Мектептің іші сырты ғана емес білім беру тәсілі де бөлек. Шәкірттерін Фин елінің тәжірибесімен оқытады.  

Әділ АНАПИЯ, «AL-FARABI» АКАДЕМИЯЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Біздің мектебімізде Финляндия елінің білім министрлігімен өзіміздің келісім шартымыз бар. Финляндия елімен біз мықты мамандандырылған мұғалімдерді осы Шымкентке алып келіп, осы біздің мұғалімдер мен Финляндия мемлекетінің тәжірибемен ауысу мақсатында құрылған мектеп. Біздің ең басты мақсатымыз: өте білімді ұрпақ тәрбиелеу.


Мұнда шетелдік үш мұғалім офлайн, тағы он ұстаз онлайн дәріс береді екен. Тек оқушылар емес, мұғалімдер де дәріс алады деді мектеп құрылтайшысы.

Әділ АНАПИЯ, «AL-FARABI» АКАДЕМИЯЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Фин елінің, Финляндия өзі білім саласынан әлем бойынша топ 5 ке кіретін мемлекет. Сол тәжірибені біз алмасып, балаларға сондай өзінің үйрететін тәсілдері бар. Мысалы біздің көбінесе сабақтарда бізде тек қана теория үйрете береді. Бірақ бұл жерде «Project-based learning»  деген программа бар, теорияны жақсылап меңгеруге арналған программа.


Яғни бұл тәсіл баланың кітаптан оқығанын тәжірибе жүзінде көкейіне түюге бірден бір сеп болады деп санайды. Оқушыларға білім тегін. Тек үйірмелер мен қосымша сабақтар ғана ақылы. Әзірге жиырма оқушы ғана бұл мүмкіндікті пайдаланып отыр. Күні бойы мектепте болатындықтан үш мезгіл ыстық тамақ қоса қамтылған. Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған: "ақылы оқитындар мен ақысыз оқитындарға екі бөлек жағдай жасалады" деген шындыққа жанаспайды деді мектеп өкілдері. Асхана, әжетхана жалпыға ортақ. Бұған ата-аналардың басым бөлігі өздері де көз жеткізді.

Айсұлу ТӘУЕКЕЛОВА, АТА-АНА:

Бала саны көп емес сыныпта. Екіншіден оқып жатқан жағдайы өте ыңғайлы. Баланың барлық жағдайы жасалған және мұғалімдердің барлық жағдайы жасалған.


Айта кетейін, аталған мектептің ғимараты бұған дейін салтанат сарайы болған. Пандемия кезінде қайта жабдықталып, санитарлық талапқа сәйкес жарақталыпты.  Терезелері үлкен. Академиялық мектептің көздегені білім беруге заманауи озық тәсілдерді енгізу ғана.

А. Төребекқызы