Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ауруханадан шығарылған қарияның денесі даладан табылды

AstanaTV
10.09.2021ж. 20:00
3431
Ауруханадан шығарылған қарияның денесі даладан табылды

Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға! Дәрігерлер ауруханадан шығарған қарияның денесі, даладан табылды. Айта кетейік, 60 жастағы әйел адамды, балалары, еріктілер, полиция 3 күн іздеген еді. Марқұмның балалары қайғылы жайтқа ақхалаттыларды кінәлайды. Өйткені Аршалы аудандық ауруханасы індеттен жазылды деп шығарыпты, сорақысы жақындарына ол жайында ескертпеген деп отыр.  

Ақмола облысы Шортанды ауданына қарасты Жолымбет кентінің тұрғынын 21-ші тамыз күні коронавирус жұқтырды деп ауруханаға жіберген. Дерті асқынып 3 күн жансақтау бөлімінде ем қабылдапты. Әрең жаны қалған қарияны, екі аптадан соң жақындарына ескертпестен ауруханадан шығарған. Осылай деген жақыны, жалаңаяқ шығарып жіберді, дейді.

Жәнібек АЙДАУБАЙ, МАРҚҰМНЫҢ ҰЛЫ:

Айтып тұр аяғында туфли болған аяғында деп. Сол жерден гридерден түскен кезде түсіп қалуы мүмкін. Может носкимен де баруға да мүмкін.

Ауыр дерттен соң тәлтіректеп әрең тұрған егде әйелді түс ауа жол жиегінен бірнеше адам байқап қалған. Ал, ары қарай не болғаны беймәлім. Енді жақындары Аршалының ауруханасынан шығып, адасып өлген ананың обалы дәрігерлерде дейді. Өйткені, қалта телефона хабарласа алмай қойыпты. Тіпті, аурухананың өзіне хабарласу мүмкін болмады, деп отыр.

Алтынгүл СЕРІКБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ КЕЛІНІ:

Айдың 1-нен 2-нен бастап мен вообще мамкаға звондай алмай қойдым. Телефон отключен. Дежурный врачтарға звондаймын, попросите пжст кого-нибудь, ол кісі орысша білмейді. Чтобы она телефон включила, и я на связь вышла дедім. Сосын ол кісілердің өздерінің служебный номерлері бар ғой билайн. Сол вообще өздері отключился.


Марқұмның мәйіті куәгерлер көрген жерден 700 метр қашықтықтағы талдардың арасынан табылған. Туыстары қайғылы жағдай дәрігерлердің салғыртығынан орын алды дейді. Өзге ауданнан келген, егде адамды қоя бергендерін түсіне алар емес. Сауалды облыстық денсаулық сақтау басқармасына да, әкімдікке де қойдық. Бірақ, олар жауапты жазбаша әрі қысқа қайырды.

АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ:

1961 жылғы науқас 21.08.2021 ж. - 06. 09.2021 ж. аралығында А. Аршалы ауылының коронавирустық инфекциясы стационарында емделген. Қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылып, емхана аумағынан кетіп қалған. Шұғыл түрде денсаулық сақтау жетекшісінің бұйрығымен 09.09.2021 ж. күні оның денесі табылды. Аталған факт бойынша комиссия құрылды. Қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады. Қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, аудандық аурухананың өзінде де қызметтік тексеріс басталған. Дегенмен жауабы жоқ сауалдар жетерлік. Бірақ оған жауап беретін құзырлылар табылмады. Марқұмның жақындары болса, мұнымен тоқтап қалмауға бекінген. Олар ажалға кінәлілер тиісті жазасын алуы тиіс дейді.

Л. Қуанышқызы