Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Педагог этикасы қайда?

AstanaTV
10.09.2021ж. 20:00
3094
Педагог этикасы қайда?

Шахтинск қаласында оқушыларды «топас маймылға» теңеген ұстаз қатаң сөгіспен құтылды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі оқу- тәрбие ісінің меңгерушісін мектеп директоры қызғыштай қорғаштап отыр. Келеңсіздік ұстаз бен 8- сынып оқушылары арасында болған. Аймақтағы әріптесім тарқатады.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

21 жыл сабақ берген мұғалімнің мына тіркестері әлеуметтік желіде желдей есіп тұр. Мектеп директорының оқу- тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әрі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірбиелі мұғалімі. Ал, таспаға оқушылардың бірі жазып алған.

Николай ОНСОВИЧ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мектеп директорының орынбасары оқушыларды карантин ережесін бұзғандары үшін балағаттаған. Ол өз кінәсін мойындап, балалар мен ата- аналардан кешірім сұрайтын болды. Осыны ескеріп, әдеп жөніндегі кеңес: педагогқа қатаң сөгіс жарияланды.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Әдеп кеңесі, басы дауға қалған ұстаз педагог этикасын тағы бір рет бұзса жұмыстан қуылатынын ескерткен. Нөмірі 6-ыншы мектептің директоры болса, орынбасарын ақтап әлек.

Любовь ВЕЛИЧКИНА, ШАХТИНСК қ. №6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қыркүйектің алтысы күні ата- аналардың бірі жанына антиваксерлерді ертіп алып баласын қашықтан оқытуды талап етті. Бетперде киюге қарсы шығып мектеп әкімшілігіне келіп шу шығарып кетті. Үлкендердің осы үгіттеуі салдарынан балалардың кейбірі бетперде тақпай жүр. Менің орынбасарым оларды карантин ережесін сақтауға шақырып бірнеше ескерту жасаған. Ақыры өзін ұстай алмай қалды. Әрине педагог этикасын бұзғаны дұрыс емес. Алайда кикілжіңге осы жағдай түрткі болды.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:


Құқықтық еңбек инспекторлары педагогтардың психикасын сонау жоғары оқу орындарының қабырғасында-ақ тексеруге кеңес береді. Өтйкені мектептегі тәрбие жүйкесі жұқаларға лайық жұмыс емес,- дейді.

Александр АЛИМПИЕВ, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:


Құқық қорғау органдарында қызметкерлерді психолог, психиатрлардың медициналық тексеруінен өткізеді. Сол сияқты педагогтарды да оқу орнына түсерде, оқып жүргенде тексеру қажет. Оқушы не істесе де оны қорлауға болмайды. Тіпті сотталғандарды да балағаттауға тыйым салынған.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Мектеп ұжымы ертең оқушылар мен ата-аналардың басын қоспақшы. Ол жиынға сөгіс алған мектеп директорының орынбасарын шақыруды жоспарлап отыр.  

А. Қуаш