$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақмола облысы Қоянды ауылында жаңа емхана салынады

AstanaTV
14.09.2021ж. 20:00
3077
Ақмола облысы Қоянды ауылында жаңа емхана салынады

Елорда іргесіндегі Қоянды елдімекенінде жаңа емхана бой көтереді.  Емдеу мекемесіде   40 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіледі.  Бұл "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда.

Қоянды ауылының тұрғындары жаңа бастамаға дән риза.  Себебі олар басы ауырып, балтыры сыздаса қалаға, көрші ауылға сабылып, шаршайтын.

Қуатбек СӘНИҰЛЫ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл енді халық мақтанатын үлкен шаруа. Бұны бастап, жұмыс істеп, жұмыста мынадай үлкен шаруа атқарып жатқан, осындай мықты азаматтарымыз көп болсын.

Қазір ауылда екі шағын медициналық мекеме бар. Алайда 40 мыңнан астам тұрғыны бар елді-мекен үшін бұл жеткіліксіз. Осыны ескерген Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаты Салтанат Женалаева мәселені өз бақылауымда ұстаймын дейді. Оның айтуынша құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Салтанат ЖЕНАЛАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Мұндағы тұрғындар дәрігерлік тексеруден өту үшін Малиновкаға қатынайтын.  Бірақ енді мұнда ренген, флюра қондырғылар, қан талдауларын жасайтын зертхана, тіс дәрігері бәрі де болады. Тұрғындар енді ешқайда сабылмайды. Барлық көмек қол жетімді болады.

Жаңа емхана салынса  елді-мекенде жаңа жұмыс орындары ашылады.  Жергілікті жерден дәрігерлер мен медбикелер жұмысқа алынады.  Сндай-ақ «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» Жол картасы аясында   басқа өңірлерден де жас мамандарды тарту жоспарлануда.   

Динара БАЙСЕРКИНА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің орталыққа биыл 27 -ден астам адам жұмысқа қабылданды. Олардың дені жас мамандар. Яғни медбикелер орта арнаулы оқу орындарының түлектері.
 
Жас мамандарға емханаларда тәжірибелі дәрігерлер көмек көрсетеді. Сондай-ақ біліктілікті арттыру курстары да қарастырылған.  

Б. Сатуов, А. Сабыр