Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қоғамдық орында бетті толығымен жабатын қара киім кигендер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды

AstanaTV
23.08.2017ж. 20:00
2674
Қоғамдық орында бетті толығымен жабатын қара киім кигендер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды

Қоғамдық орында бетті толығымен жабатын қара киім кигендер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Егер осы заң қабылданатын болса, онда мұндай құқық бұзушылық үшін 230 мың теңгеге дейін немесе одан жоғары айыппұл төлеуге міндеттеледі. Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын «Астана» арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, Қазақстанда белгілі кейбір мұсылмандық жоралғылар тыйым салынған тізімге кірмейді. Бірақ паранджа секілді киім бетті тұмшалайтынын атап өтті. Осыған қатысты барлық сұрақтар әлі сүзгіден өтіп жатыр. Бұл жұмысқа теологтар мен дінтанушылар тартылған. Вице-министр қоғамның қызу талқысына түскен бұл заң жобасы осы күзде Парламенттің қарауына түсетінін айтты.

Берік Арын, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары:

Адамның бет-бейнесін бүркеп тұратын киім киюге қатысты әкімшілік шаралар мен айыппұлдар салу жағы қаралатын болады. Ол 50 және 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салынады. Өйткені қызметтік қажеттіліктер, мысалы, мәдени және спорттық іс-шаралар, медициналық тексеру кезінде бүркеніп жүруге болмайды. Бұл жерде әңгіме паранджа туралы емес, адамның кескінін тануға кедергі келтіретін кез-келген киімге қатысты. Әрине, паранджа да  адамның бетін бүркеп, тұмшалап тұрады. Мұның бәрі қауіпсіздік үшін жасалынып жатыр.