Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбылда мектеп оқушысына зорлық көрсеткен күдікті іздестірілуде

AstanaTV
21.09.2021ж. 20:00
1428
Жамбылда мектеп оқушысына зорлық көрсеткен күдікті іздестірілуде

Жамбылда  12 жасар мектеп оқушысына зорлық көрсеткен  күдіктіні  полицейлер үш айдан бері қолға түсіре алмай жүр. Оқиға маусым айында Меркі ауданында болған.  Күдікті 35 жастағы ер адам оқиға орнынан қашып үлгерген.   Содан бері ізім ғайым жоқ. Кейбір ақпарат көздері таратқан мәліметте,   жәбірленуші  онымен  әлеуметтік желі арқылы танысқан көрінеді. Сөйлесіп, екеуі кездесіп жүрген. Сенімге кіргеннен кейін күдікті арам ойын жүзеге асырып,  із суытқан.  Ал 6 сынып оқушысы ауруханаға түскен.    

Сәбит МАМЫТБЕКОВ, МЕРКІ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Аталған дерекке қатысты  Меркі АПБ ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын  бастады. Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес  тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.


Б. Жұмабайұлы