Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Б.Байбек Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысымен танысты

AstanaTV
24.09.2021ж. 20:00
1480
Б.Байбек Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысымен танысты

«Nur Otan» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы қарсаңында Елбасының тапсырмасымен партия төрағасының бірінші орынбасары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды. Мақсат: 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның іске асырылу барысымен танысу. Бауыржан Байбектің айтуынша, әр облыста, қалалар мен аудандарда партияның жол картасы әзірлеу кезінде берілген уәделер нұротандықтардың бақылауында.

Кеше және бүгін Бауыржан Байбек  Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Оның айтуынша, Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен нұротандықтар әр облыста, қалада және ауданда сайлауалды уәделерді орындау бойынша 216 жол картасын бақылауда. Ақмола облысының әкімі, филиал төрағасы Ермек Маржықпаевпен бірге Бауыржан Байбек «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасына сәйкес Бұланды ауданында салынып жатқан бірқатар кәсіпорындарда болды. Мәселен, Макинск құс фабрикасын жаңғырту кәсіпорынның өндірісін арттырып, өнімін экспорттауды ұлғайтуға, сондай-ақ қосымша 700-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Пандемия дүниежүзінде, экономикалық дағдарыс байланысты, сондықтан ешкімге бүгін оңай болған жоқ. Бірақ Елбасының саясаты арқасында, 30 жылды қаражат бар, ауызбіршілік бар, тұрақтылық бар. Государство должно, в первую очередь, обеспечить политическую стабильность, верховенство закона, чтобы бизнес мог работать. Я думаю, стабильно мы 30-летие встречаем. Всё развивается. Запас прочности есть.

Содан кейін «Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары Макинск қаласында «Бота-2015» серіктестігіне ат басын бұрды. Қуаттылығы тәулігіне 600 тонна шикізатты өңдейтін жаңа май зауытының құрылысымен де танысты. Мұнда инвестиция көлемі 5 млрд. теңгені құрайды. 80 жаңа жұмыс орнын ашпақшы. Жергілікті кәсіпкерлер елдегі бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған, дейді.

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, КӘСІПКЕР:

Көрші елдердің кәсіпкерлерімен байланыс орнатқанмын. Ондағы іскерлік ахуалды көрдім. Жалпы, Қазақстанға қарағанда, көрші елдерде барлық жағдай түгелімен жасалған деп айта алмаймын.

Ел азаматтарының 40%-тен астамы ауылда тұрады. Елбасының «Ауыл – Ел бесігі»  жобасы шеңберінде елді-мекендерді дамыту, ондағы халықтың өмірін жақсарту қолға алынған. Елдің солтүстік өңіріне барған Бауыржан Байбек облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге Айыртау ауданында салынып жатқан сүт-тауар фермасының жұмысымен танысты. Шаруа қожалығы орналасқан ауылдың тарихы қызық. 2004 жылы барлық жергілікті халық елді-мекенді түгелдей тәрк еткен. Кейін "Nur Оtan" партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Бақыт Құсайынов қайта оралып, мал өсіріпті. Жоба табысты болған соң жұмыс күшін артыру үшін қоныс аудару бағдарламасын іске қосты. Қазірдің өзінде 14 үй салған, бұдан бөлек тағы баспаналар салынып жатыр. Алдағы 5 жылда "Nur Otan" жоспары бойынша аграрлық секторда жарты миллион адам жұмыспен қамтуды міндет етіп отыр. 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімін 1,3 есе, еңбек өнімділігін 2,5 есе, ал экспорт 2 есе артып, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізеді. Бұл елді негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етеді. Айта кетсем, сол күні Бауыржан Байбек Көкшетауда Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында партияның сайлауалды міндеттемелерінің орындалуы бойынша онлайн-форматта кеңес өткізді.

А. Данияр