Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралда нан қымбаттады

AstanaTV
04.10.2021ж. 20:00
1883
Оралда нан қымбаттады

Оралда нан мен ұн  қымбаттады. Бұған өңірдегі қуаңшылық себеп болды дейді кәсіпкерлер.  Осының кесірінен  шаруалар биыл шығынға  еселеп  батқан.  Айтуларынша, нан  әлі де қымбаттауы мүмкін. Өңірден-Еркін Карин.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Осыған дейін 140 теңгеден сатылған жоғарғы сортты бір таба нанның бағасы қазір 150 теңге. Нан ғана емес, ұн да 100 теңгеге қымбаттаған. Наубайшылар мұның себебін бидай бағасының өскенімен түсіндіреді.

Биыл қуаңшылықтың кесірінен астық аз жиналды. Қамбалар қаңырап бос тұр. Бұл аздай, дизельдің қымбаттауы да  жығылғанға жұдырық болды. Шаруалар бидайын қымбатқа сатты, олардан наубайшылар да қалысып жатқан жоқ.  Халық  дүкеннен нан сатып алуды қойған.

БЛИЦ:

- Нан қымбат болғасын үйден экономить етіп, үнемдеп сатып аламыз. Сосын үйден пісіреміз. Солай енді. Бәрі қымбат қой қазір. Шемекі майың да қымбат. Бес литрлік баклашкасы үш мың ба, төрт мың ба, бес мың сондай.
- Халыққа эпидемияның, пандемияның уақытында қиын болады. деп ойлаймын. Солай болатын болар халықтың бәрі. Білмеймін енді. Жалақы қашан өседі?


Наубайхана өкілдері қымбатшылық құрсауында қалған соң,   біз де өнім бағасын өсіруге мәжбүр болдық дейді. Өңірде нан ғана емес, макарон өнімдері де 11 пайызға қымбаттаған.

Талап САПИН, «ЖЕЛАЕВ НАН ӨНІМДЕРІ КОМБИНАТЫ» АҚ ӨКІЛІ:

Нанға арналған бидайдың бағасы өсіп тұр. Ол өскенде 40,45,50 пайызға өсіп тұр. Біз ұнды тек қана 8 процент, 6 теңгеге қымбаттатып тұрмыз. Ол 3 процент және жоқ ол бидай.

Жауапты орган өкілдерінің айтуынша, баға шарықтауының алдын-алу үшін енді арнайы қор құрылады. Сонымен қатар әлеуметтік нан бағасы жыл соңына өзгермейді.

Денис ОМАШЕВ,  БҚО АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Облыста осы 1-сортты нан, ұн және макарон өнімдерінің, сондай-ақ күнбағыс майы, жұмыртқа өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстың ішінде азық-түліктік бидай қоры, жемдік қор және мына күнбағыс тұқымының қоры қалыптастырылуда қазіргі таңда.


"Ал шаруалар әліптің артын бағып, бағаның қымбаттағанын күтеді. Өнімін сатуға асықпайды", дейді наубайшылар. Сондықтан баға әлі де өседі дейді. Наубайшылардың сөзінше, жоғары сортты нан  құны 180 теңгеге жетуі мүмкін.   

Е. Карин