Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түркістан облысында Jastar-Otanga халықаралық форумы басталды

AstanaTV
06.10.2021ж. 20:00
1038
Түркістан облысында Jastar-Otanga халықаралық форумы басталды

Түркістан облысында Jastar-Otanga халықаралық саяси форумы басталды. Шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Бес күнге созылатын жиында жастар арасындағы маңызды мәселелер көтеріліп, жаңа бастамалар ұсынылмақ. Бағдарламаға сәйкес мұнда семинарлар ұйымдастырып, көшбасшылар арасында түрлі шеберлік сағаттары өткізілмек. Жасотандықтар аталған шара барысындағы негізгі бағыттарының бірін атап өтті. Ол - жастар қанаты жасақтаған 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының жол картасын орындалуын талқылау.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,  «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы айтқанда форумның ең негізгі нүктесі, ең негізгі шыңы  - бұл осы шараға қатысып жатқан ұйымдастырушылар мен қатысушылардың бірлесіп жасалынған жаңа тың идеялары болатын болады. Жобалардың негізгі  мақсаты жастардың бойындағы потенциалды дамыту, адами қабілеттерін әрі қарай жетілдіру.

Айта кетейік, форум алғаш рет халықаралық дәрежеде өтіп жатыр. Оған ТМД елдеріндегі жастар ұйымдары қатысуда. Оннан астам мемлекеттің арасында алтауы офлайн қатысса, Қытай, Германия мен Пәкістан сынды елдердің жас буын өкілдері онлайн атсалысуда. Жасотандықтар осы форум аясында алғашқы рет халықаралық ынтымақтастық және бірқатар бірлесіп істейтін жобаларға негізделетін меморандумдарға қол қоятын болады.

А. Төребекқызы