Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

"Нұрлан Смағұлов қоры" балаларға автобус сыйлады

AstanaTV
06.10.2021ж. 20:00
2350
"Нұрлан Смағұлов қоры" балаларға автобус сыйлады

Балаларға базарлық. Нұрлан Смағұлов қоры Алматыдағы нөмірі 2-ші түзету мектебінің бүлдіршіндеріне   шағын автобус сыйлады.  Сондай-ақ, оқушыларға арнайы жаттығу құралдары  табысталды. Аяқ-қолының қозғалысы шектеулі  бүлдіршіндер үшін бұл үлкен қуаныш.   Қайырымдылық шараға «Atasu Group» компаниясы да қолдау білдірген.

Бүгінгі күн  нөмірі екінші түзету мекемесіндегілер үшін ерекше. Бүлдіршіндер көптен күткен көлікке  қол жеткізді.

Бақыт ЕРМЕКОВА, «АЯҚ-ҚОЛЫ КЕМТАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №2 АРНАЙЫ (ТҮЗЕТУ) МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің балалар өте сондай өмірге құштарлығы жоғары, барлық жерге барады. Әр түрлі жарыстарға қатысады. Нұрлан Еркебұланұлы бұрныннан біздің мектепті жақсы біледі. Бұл бірінші сыйлығы емес. Екінші машинаны бізге сыйлап отыр.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар балалардың қоғамға барынша бейімделуіне жол ашпақ. Бүлдіршіндерді шынықтыруға арналған арнайы велотренажер табыстады. Спорттық құрал оқушылардың бұлшықеттері мен қозғалысын реттейді.

Илья СМИРНОВ, «АЯҚ-ҚОЛЫ КЕМТАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №2 АРНАЙЫ (ТҮЗЕТУ) МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» ОҚУШЫСЫ:

Аталған велотренажер менің оңалуыма септігін тигізеді. Буындарым мен аяқ-қолымның шапшаң қозғалуына көмектеседі. Бізге мүмкіндік сыйлаған барша жанға алғысымды білдіремін.

Қайырымды жандардың қолдауымен  мектеп-интернаттың бассейні де жаңартылған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалардың жаттығуына жағдай жасалған. Игі бастамаға «Atasu Group» компаниясы да қолдау білдірген.

Айдын СҰЛТАНОВ, «НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ:

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған интернатқа біз 2004 жылдан бері көмек көрсетіп келе жатырмыз. Бұл әр азаматтың міндеті. Интернатпен біз тығыз жұмыс жасаймыз. Және де олардың мұқтаждығын біз әрдайым біліп жатамыз.

12 орындық микроавтобусты сыйға тартқан қор  өкілдері мұнымен шектелмейді.  Алдағы уақытта  интернатты керек-жарақтың бәрімен қамтамасыз етуге ниетті.

 Ә. Лесбек