«Кальмар ойыны» балалар психикасы үшін аса қауіпті. Психологтар дабыл қағуда. Өйткені телехикаяны бастауыш сынып оқушылары көріп ғана қоймай, ондағы ойындарды мектепте қайталап жүрген көрінеді. Бұл балалардың болашағына қауіп төндіруі мүмкін дейді-мамандар. Толығырақ тілшіміз Бекболат Сатуовтың репортажында.
Жақында ғана жарық көрген кореялық "Кальмар ойыны" телехикаясы 9 бөлімнен тұрады. Қарызға белшесінен батқан 456 азаматтың қатысуымен болатын фильмде, адамдар әр ойын сайын қатыгездікпен өлтіріліп отырады. Әрбір эпизодтағы өлімнің түрлі сценарийлері әлеуметтік желілерде лез де трендке айналып кетті. Бұған психолог мамандар қауіппен қарайды.
Камила АСЫПҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:
Баланың ойыны деп айтады. Бірақ бұл баланың ойыны емес. Бұл адамның, баланың санасын улайтын ертеңгі күні жалпы халқымызға дерт болатын қауіпті ойын.Қауіпті ойын деп айтатын себебім бұл бірінші кезекте бейсаналы түрде адамның жан дүниесіне енеді.+ Және де өсе келе соған қадамдар жасайтын болады.
Әлеуметтік желіде кеңінен таралған телехикая көрсетіліміне ата-аналар да қарсы. Өйткені "Кальмар ойыны" сериалынан кейін балалар ондағы көріністерді есік аулаларында қайталап жүр.
АТА – АНА:
Игра в кальмаре киносынан кейін, аулада балалар кәдімгідей сол ойынды ойнап жүр. Адам өлтіру олар үшін ойын сияқты да.Оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіру, әлі түсінбейді балалар. Сондықтан көрсетпеген дұрыс деп ойлаймын.
Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:
Ата-ана көрме деп айтар-ау. Бірақ, бала өзімен өзі қалғанда оны елесін бе? Қазір барлығының қолында ұялы телефон бар. Ғаламтор арқылы ол нені көргісі келеді, көреді, көңілі нені қалайды, соны істейді. Кальмар ойыны желісінде құрастырылған ойын да кез-келген жеткіншекке қолжетімді. Ақша үшін қатыгездікпен жанын қиғандар бейнеленген ойын қазір балалардың сүйікті ермегіне айналған.
Тикток пен инстаграмда да трендке айналған кино эпизодтары толы. "Өлім сәттерін қайталуға тырысқан жастар желіде танымалдыққа ұмтылып жатыр.
БЛИЦ:
- Жастарға жәй қызық үшін деп ойлаймын. Ол масканың ар жағында, қазір киіп жүрген киімі, маскасының ар жағында ешқандай мән жоқ. Жай қызығушылық үшін деп ойлаймын.
Әлемнің 90 елінде топ-10-қа кіріп үлгерген кино сценарийі 13 жыл бойы құрастырылған. Қомақты сыйлық үшін өмірін бәйгеге тіккендер жайында желі қолданушылар түрліше пікірлер айтуда. Бірі- өмір шындығы бейнеленген десе, енді бірі ешқандай астарсыз-ақ жай ғана қызықты кино деп қарастыруда. Дегенмен мамандар мұндай қатыгездікке толы кино сериалдар адам психикасына әсер етпей қоймайды дейді. Сондықтан қазірден бастап оған тосқауыл қою керек деп дабыл қағуда.
Б. Сатуов