$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандықтар қымбатшылықтың зардабын одан әрі тарта береді

AstanaTV
14.10.2021ж. 20:00
2968
Қазақстандықтар қымбатшылықтың зардабын одан әрі тарта береді

Қымбатшылыққа тұсау жоқ.  Болашақта азық-түлік тапшылығы болады деген қауіп бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты. Қазірдің өзінде әлемнің 700 миллион тұрғыны аштықтың зардабын тартуда, дейді. Яғни мұндай қиындықты планетаның әрбір оныншы адамы бастан өткеруде. Бірақ, Президент Қазақстанда мұндай проблема жоқ, дейді. Алайда, дүниежүзіндегі қымбатшылықтың кесірінен   алдағы уақытта бізде де жағдай шиеленісуі мүмкін.     

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Аталған құжаттың маңыздылығын ескере отырып, оны Алматыдағы кеңес отырысында бекітуді ұсынамын. Құжат жүйелі, практикалық өзара іс-қимылға және нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелер алуға бағытталған болуы тиіс.

А. Данияр