Шенеуніктер шағын және моно қалаларды дамыта алмай отыр. Елімізде мұндай 70 өңір бар. Онда екі миллионнан астам халық тұрады. Алайда мемлекеттік қолдау шаралары олардың тек бір бөлігіне ғана бағытталған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте айтылды. Сонымен бірге, партиялықтар шағын қалаларда әлі күнге дейін жұмыспен қамту, жол мәселелері шешілмеген. Кеңес төрағасы Юлия Кучинскаяның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы қалаларды дамытуға немқұрайлы қарайды. Аймақтарда партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес салынуы тиіс нысандардың жобалық-сметалық құжаттары жоқ.
Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Осы қалаларда тұратын тұрғындармен, сайлаушылармен кездестік. Әрине, көптеген проблемалар бар екеніне көзіміз жетті. Өкінішке қарай, жол картасының қабылданғанына қарамастан, бұл мәселелер әлі шешілмей жатыр.
А. Данияр