Қызылжарда жылу электр орталығында апат болып, жарты қала жарықсыз қалды. Облыс орталығын жарық және жылумен қамтамасыз ететін 12 қазандықтың үшеуі істен шыққан. Қалада алты шағын аудан жарықсыз қалды. Төтенше жағдай жылу жүйесіне де әсер еткен. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, судың температурасы 5 пайызға төмендеген. "Севказэнерго" компаниясы бұған қатысты сұхбат берген жоқ, тек жазбаша ақпарат таратумен шектелді.
“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Екінші жылу электр орталығында апатты жою жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр. Жүйелік оператордың тапсырмасымен "Севказэнерго" компаниясы электр желісінің күшін 30 мегаватқа төмендетті. Жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қашанға дейін созылатыны белгісіз.
А. Құрманкин