Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

«Ардагерлерді ардақтайық!» атты онлайн байқаудың жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
05.11.2021ж. 20:00
1319
«Ардагерлерді ардақтайық!» атты онлайн байқаудың жеңімпаздары марапатталды

"Nur Otan" партиясының жобасы -  «Ардагерлерді ардақтайық» онлайн байқаудың жеңімпаздары анықталды. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 1700-ден аса зейнеткер қатысып, бақ сынаған. Қазыналы қарттарға қойылған басты талап - еңбек етудегі тәжірбиесімен бөлісіп, 1 минуттық бейнеролик түсіру. 30 жұмыс осы талаптардан мүдірмей өткен. Әрі ұрпаққа үлгі болатын дүниелерімен бөлісіпті. Олар байқау жеңімпаздары деп танылды.  

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жастар мен ардагерлер арасында ұрпақ сабақтастығын жалғастыру мақсатында жалпы сол азаматтардың жасап кеткен игі істерін жалпы жүріп өткен жолдарын жастар арасында дәріптеу мақсатында және де жастардың тарапынан осы азаматтарға көңіл ілтипатын білдіру мақсатында үлкен акция өткіздік.

Байқау жеңімпаздарының бірі – Рымкеш Сламбекова. Ол Ақсу қаласының тұрғыны. 45 жылдан аса уақыт табан аудармай ұстаздық қызмет еткен. Оның 30 жылында мектеп директоры лауазымын атқарыпты.  Ардагер ұстазды «Nur Оtan» партиясының өкілдері арнайы барып құттықтады. 100 мың теңгенің сертфикатын тапсырды.  Жеңімпаздардың әрқайсысына осындай құрмет көрсетілген.

Рымкеш СЛАМБЕКОВА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:
 
Әрине, қуаныштымын. Еңбек істегеннен кейін оны дұрыс айта білу де керек. Енді 1 минуттың ішінде ойды жеткізе білу де қиын. Сондықтан ойды жинақтап, осындай нәтижеге жетіп, сіздердің солай бағалағандарыңыз керемет емес пе?


 Ө. Қуанар