Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентті шаң басты

Шымкентті шаң басты

Шымкентті шаң басты. Бейсенбінің түнінен басталған қатты жел, бүгін қалада тоқтағанымен, ауа таза емес. Таңертеңнен аспанды шаңды тұман басып тұр. Бір қарағанда кәдімгі тұман секілді көрінгенмен тыныс алуға қолайсыз. Күннің көзі көлегейленіп, қаланы қараңғылық басқандай. Көзге анық көрінбегенмен тозаңдар автокөліктердің үстінде анық байқалады. Байырғы тұрғындар бұрын соңды мұндай құбылысты көрмеген.

БЛИЦ:

 
- Тұман болып тұр екен деп ойладым алғашында.Таңертегісін жүгіруге шыққанбыз саябаққа. Көліктердің үстіне шаң қонып қалыпты. Мен бірден түсіне қойдым мұның тұман емес екенін. Қайдан пайда болғаны белгісіз.  Бәлкім зауыттардың қалдығы болар деп бір ойладым. Түсініксіз жағдай болып тұр.Демалу мүмкін емес, бетпердені үш қабаттап тағын алдым.

- Тұман емес вроде не емес, шаңға  ұқсап жатыр бұлда, бірақ қай жақтан келе жатқан шаң, оны мен де түсінбей жатырмын. Бұрын болған жоқ бұндай. Бұрын неше жыл мен Шымкентте туылған адаммын ғой. Бұрын ондай байқалмады.  


Экологтар бұл құбылысқа қатысты әзірге түсінік бермеді. Қазгидромет мамандары ауадағы шаң тозаңның мөлшерден үш есе асып тұрғанын алға тартты. Мамандар мұндай көрсеткіш шаһарда 4-қараша күні соққан қатты желден соң байқалғанын айтады.

Арайлым ЫБЫРАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМКК ИНЖЕНЕР-ХИМИГІ:

Қызыл сай елді мекенінде орналасқан автоматты бекетте бізде PM 10 фракциясынан шаң тіркелді - 3,3, нормадан асуы тіркелді.  Сол бойынша қазіргі желдің тоқтауына байланысты бұл ауада әлі де қалқып тұр шаң.


Айта кетейік, шаңды дауыл кеше Түркістан облысының батыс бөлігінде байқалған болатын. Әсіресе жолдағы автокөлік иелері қарыс адым көрінбей қалғанын таспаға түсіріп, әлекметтік желіде жариялады. Ордабасы аудандарының аумағында автокөліктер жолда қалып, тіпті төтенше жағдай мамандары адамдарды үйді үйіне жеткізуге жұмылды.  

А. Төребекқызы