Су ресурстарын ұтымды басқару, қалдықтарды қайта өңдеу және аймақтық экологиялық проблемалар. Осы және өзге де мәселелер «Nur Otan» партиясының республикалық экологиялық кеңес отырысында талқыланды. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов суды ысырап қылмау жоспарын ұсынды. Айтуынша, ол үшін 200-ден астам арнаны цифрландыру, 400- ден астам арнаны жаңғырту керек. 4 көл қайта қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үлесі артады.
Ахметжан ПІРІМҚҰЛОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Қалдықтарды тұрақты басқару бөлігінде «West-to-Energy» технологиясын пайдалана отырып, энергияны қалпына келтіретін қатты тамақ қалдықтарын кәдеге жарату үлесін 18-ден 34%-ға дейін ұлғайту көзделген.
А. Дукембаева