Елордада
«Абайла, жүргінші» акциясы басталды. 1 ай көлемінде жауапты орган өкілдері
күнделікті жол үстінде, мектепке жақын маңда ақпараттық-насихат жұмыстарымен
айналысып, қала тұрғындарына сақтық шараларын еске салмақ. Ал оқу маусымы
басталып, кезекті ауысым кезінде мектеп инспекторларына жергілікті полиция
қызметкерлері көмекке келеді. Бүгін
аталған тақырыпқа арналған жиында Бақытжан Малыбаев жол ережесін бұзбауға
шақырды.
Бақытжан
Малыбаев, Астана қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы:
Осы
6 айда 21 жол-көлік оқиғасы болды. Адамдар мерт болды. Сондықтан 21 жол-көлік
оқиғасының 11-і жаяу жүргіншілердің кесірінен. Қала тұрғындарынан сұрайтыным, жолға шығар алдында жол ережесін бұзбай, телефондарын, смартфондарын, құлаққа
тағатын наушниктерін алып, жолға қарап дұрыстап, жол ережесін бұзбай, жолға
шығуға шақырамын.
Жергілікті
полиция қызметінің басшысы сондай-ақ көлігін рұқсатсыз жерге қойған
азаматтармен де жұмыстың қыза түскенін айтты. Әсіресе, мектептердің маңында
мұндай фактілер жиі кездеседі екен. Кептелісті болдырмау үшін, арнайы
эвакуаторлар тартылыпты. Жыл басынан бері жол қозғалысына кедергі келтіріп,
иесіз тұрған 1500 көлік әкімшіліктің коммуналдық тұрағына жөнелтілген.