$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шетелдік инвестиция 34%-ға төмендеді - «Nur Otan» партиясы

AstanaTV
16.11.2021ж. 20:00
1329
Шетелдік инвестиция 34%-ға төмендеді - «Nur Otan» партиясы

Елордада шетелдік инвестиция көлемі  пандемия салдарынан 34%-ға төмендеген. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық кеңес  отырысында айтылды. Былтыр бас қалада негізгі капиталға салынған инвестиция -1116 млрд теңге болған. Мамандардың айтуынша, инвестиция тартудың басты секторының бірі -жаңартылатын энергия көздері. Жобаға 2014-2020 жылдары 1,5 млрд доллар бөлінген. Нәтижесінде, жаңартылатын энергия   қуаты 10 есе артқан.  Сондай-ақ, кеңес мүшелері  жиында жекеменшік мектептерде тегін оқу үшін дарынды балалар арасында конкурстар өткізуді, "Жол картасының" тармақтарын іске асыруда инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп жұмыс істеу үшін арнайы алгоритм әзірлеу туралы ұсыныстар айтты.

Ержан БАЛТАЕВ НҰР-СҰЛТАН қ. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жалпы, қазіргі кезде инвестиция бойынша толық жұмыстар атқарылып жатыр. Осы мақсатта 2017 жылы Астана инвест институты құрылған болатын. Бұл тәжірибені басқа да өңірлер қолданып жатыр. Инвестицияны дамыту үшін бізде 3 жоба әзірленген.

Д. Жарқынбек