Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

БҰҰ әлемдегі аштықпен күресуге байларды шақырды

AstanaTV
17.11.2021ж. 20:00
1030
БҰҰ әлемдегі аштықпен күресуге байларды шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы бақуатты адамдарды әлемдегі аштықпен күресуге шақырады. Олар дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жоспарын жариялады. 42 елдегі 43 миллион адамның өмірін сақтап қалу үшін, шамамен 6,6 миллиард доллар қажет екенін есептеп шаққан. Тіпті қомақты қаражаттың қайда жұмсалатынын да бөліп қойған. Ұйымның азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли Twitter-де, Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маскке жазба арнады. Миллардер бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы  әлемдегі аштық мәселесін шеше алатын болса, акция сатылымынан түскен ақшаны  қайырымдылыққа беретінін айтқан еді. Әзірге Илон Маск бұл жазбаға жауап берген жоқ.

З. Санай