Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбелік құтқарушылар өрттен қарияны көтеріп алып шықты

AstanaTV
17.11.2021ж. 20:00
1149
Ақтөбелік құтқарушылар өрттен қарияны көтеріп алып шықты

Ақтөбе облысы құтқарушылары 90 жастағы қарияны өртенген түтін ортасынан көтеріп алып шықты. Оқиға Қандығаш қаласында түнде болған. Торайғыров көшесіндегі ескі үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шығып, қою түтін жан-жаққа таралып кеткен.

Қария түтінмен тыныстап, әлсіреп қалған. Дегенмен өміріне қауіп жоқ. Жағдайы жақсы, ауруханаға жатқызылмаған. Төтенше жағдайлар департаменті баспанасыз қалғандар көршілерінің үйінде түнеп шыққан. Бүгін баспанасына оралыпты. Үй ескі болғанымен, апатты жағдайда емес. Алдын-ала болжам бойынша, от газбен жылытылатын пештің ақауынан шыққан. Өрт аумағы – 5 шаршы метр.

Нұрхат ҚАЛДЫБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Оқиға орнына барған кезде Торайғыров көшесі, 23 үйдің пәтерінде ағаш еденнің  жанғаны анықталды. Шыққан  қатты түтіннен жоғарыда орналасқан пәтерден 1931 жылы туылған әйел адам құтқарылып және 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді.


Г. Сейтенова