Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Павлодарда бір мезетте дала мен қала домбыраның күмбіріне бөленді

AstanaTV
18.11.2021ж. 20:00
1169
Павлодарда бір мезетте дала мен қала домбыраның күмбіріне бөленді

Павлодарда «Күй керуен» жалпы ұлттық жобасы басталды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қоғамдық бірлестік осындай мәдени жобаны қолға алған. Мақсат - жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеп, төл өнерімізді насихаттау. Жобаның Тәуелсіздік мерекесіне бір ай қалған уақытта басталуы тегін емес. Азат елдің айбынын асыратын айрықша бастамаға, бір уақытта мыңдаған адам қатысты. Дала мен қаланы бір мезетте домбыраның күмбіріне бөледі. Бастамаға тек ғана қазақстандықтар ғана емес, Моңғолиядағы қандастарымызда ат салысып жатыр.

Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 
Қара домбыраны өзіне серік етіп жүрген жандардың кез келгені болсын, жеке орындауда болсын, отбасымен болсын немесе коллективта дейміз ғой ұжымда болсын бірлесіп, жақсы бір күйді домбыраға тартып, және біз шартта белгілеген хэштегті белгілеп, содан кейін әлеуметтік желіге салуына болады.

Ө. Қуанар