Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері С.Теміржан павлодарлық жастармен кездесті

AstanaTV
18.11.2021ж. 20:00
1130
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері С.Теміржан павлодарлық жастармен кездесті

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржан павлодарлық жастармен кездесті. Кездесуде боксшы жақында ғана өткен жарыстағы жеңісі туралы айтып берді. Шара барысында жастар да өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Жас спортшы үзеңгілестеріне, іні-қарындастарына ағалық ақылын айтып, мақсатқа жетудегі сырымен бөлісті. Шараға «Jas Otan» жастар қанатының Павлодар облыстық филиалы мұрындық болды. Серік Теміржан Белградта өткенде чемпионатта 57 келіге дейінгі салмақта, ел намысын қорғап, күміс жүлдені қанжығасына байлаған болатын.

Серік ТЕМІРЖАН, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Әр адамның икемі келетін заты болады. Сол затқа шын ниетімен, бар күшімен талпынып, еңбектену керек. Барлығы жеңілдікпен келмейді ештеңе. Сол үшін әрбір қиындыққа сабырлық танытып, одан әрі өз мақсатына жету үшін бар күшін салу керек.

Ө. Қуанар