$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еуропаның кейбір елдерінде локдаун жарияланады

AstanaTV
19.11.2021ж. 20:00
1673
Еуропаның кейбір елдерінде локдаун жарияланады

Германияда Рождестволық жәрмеңкелер  жұмысы тоқтатылды. Ирландия мен Чехияда екпе алмағандар үшін оқшаулау режимі енгізілді. Еуропа тағы да коронавирустың таралу ошағына айналып отыр. Сондықтан кейбір елдер  локдаун жарияламақ.  Ғалымдар халық жаппай екпе алмаса, короновирустың 4-ші ,5-ші, тіпті 6-шы толқыны болатынын ескертуде.  

Еуропада COVID-19 жұқтырғандар саны күннен күнге артуда.   Германия  ауруханалары науқасқа лық толы.  Бір күнде 65 мың 371 науқас тіркелген. Бұл індет басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

ДӘРІГЕР:


Мұндай жағдайдың болатынын алдын-ала болжауға болатын еді. Дер кезінде жауаптылар шара қолданғанда,  бұндай болмас еді.

Чехияда  вакцина салдырғандар мен ауырып жазылғандар ғана  автобус пен пойызда  жүре  алады.   Талаптардың сақталуын полиция қадағалайды. Ал тұрғындар карантин тәртібіне  бағынғаннан басқа амал жоқ дейді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Олар бұдан басқа ештеңе істей алмайды.  Қағидаға бағынуымыз керек. Бұл барлығымызды қорғаудың жалғыз жолы.

Ирландияда да  жағдай күрделі.Түнгі мекемелер жұмысына коменданттық сағат енгізілді.  

Михол МАРТИН, ИРЛАНДИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Эпидахуал елімізде нашарлап кетті. Науқастар саны артып жатыр,  қазір біз ауыр жағдайда тұрмыз. Дәрігерлерге үлкен салмақ түсіп жатыр. Сондықтан тез шешім қабылдап, бақылауды күшейткеніміз абзал.

Австрияда  келер аптадан бастап үш апталық локдаун жарияланады. Халықтың  шамамен 65 проценті вакцина алған. Бірақ бұл Батыс Еуропадағы елдер арасындағы ең төмен көрсеткіш.  Украинада да  эпидемиологиялық ахуал ушықты. Жансақтау бөлімдеріне түскен науқастардың саны күн өткен сайын артып барады. Осы аптада тәулігіне 838 адам коронавирустан көз жұмып, антирекорд орнады.

Ә. Дүкембаева