Елбасы "Астана Опера" театрында өткен опера әншісі Мария Мудряктың "Саған арнаймын, Менің Қазақстаным!" атты жеке концертін тамашалады. Концерт Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Мария Мудряк - көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты. Қысқа уақыт ішінде ол ең танымал опера әншілерінің біріне айналып, әйгілі театрлардың сахналарында өнер көрсеткен.
Концерттен кейін Елбасы Мария Мудрякпен тілдесіп, оның жоспарларын тыңдады. Әнші Қазақстанда тағы бірнеше концерт беруді және Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің қонақтарына арнап өнер көрсеткісі келетінін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев опера әншісінің кәсіпқойлығына жоғары баға беріп, шығармашылық табыс тіледі.
Д. Жарқынбек