$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Мемлекет басшысы Швейцария билігімен бірқатар келісімге келді

AstanaTV
30.11.2021ж. 20:00
1362
Мемлекет басшысы Швейцария билігімен бірқатар келісімге келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президентімен кездесті. Қос ел  басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы салаларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын жан-жақты талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директорымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Бұдан бөлек, Инвестициялық дөңгелек үстел отырысына қатысты. Онда мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық жағдай сөз болды. Айтуынша, Швейцария конфедерациясы ұзақ жылдан бері Қазақстанның негізгі стратегиялық және инвестициялық серіктесі саналады. Жиын соңында тараптар жалпы көлемі 301 миллион доллар болатын алты коммерциялық келісімге және он коммерциялық емес құжатқа қол қойды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Соңғы 15 жылда еліміздің экономикасына салынған Швейцария капиталы 26 миллиард швейцар франкіне жетті. Ал Швейцарияға құйылған қазақстандық инвестицияның көлемі 775,2 миллион швейцар франкін құрады. 200-ден астам швейцариялық  кәсіпорын Қазақстанға инвестиция салып, табысты жұмыс істеп жатыр.


А. Данияр