Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Айуандықпен кісі қолынан қаза тапқан А.Еділоваға қатысты сот отырысы жалғасты

Айуандықпен кісі қолынан қаза тапқан А.Еділоваға қатысты сот отырысы жалғасты

Алматыда Аяжан Еділованы айуандықпен өлтірді деп айыпталып отырған, 28 жастағы түркістандық өзіне тағылған айыптарімен ішінара келіспей отыр. Бүгін атышулы іске қатысты екінші сот отырысы өтті. Процессте айыпталушы өрімдей қызды өлтіргенін мойындаған. Бірақ зорлық көрсеткенін теріске шығарып әлек. Қанды қылмысты қарап жатқан сот отырысы жайлы келесі бейнематералда.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Осы көктемде іс-түссіз жоғалып, кейін бөлшектелген денесі табылған Аяжанның оқиғасы естіген елдің жағасын ұстатқан еді. Жантүршігерлік қылмысқа қатысты бүгін екінші сот отырысы өтті. Зорлау дерегі болғандықтан процесс жабық режимде, онлайн форматта болды.


Бүгін бес куәгерден жауап алынды. Олар марқұмның екі туысы мен таныстары. Жәбірленуші тараптың заңды өкілінің айтуынша, айыпталушы кінәсін толық мойындамаған.  

Қадыржан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛІ:


Сотталушы Төребеков өзінің адам өлтіргені туралы кінәсін мойындап, адам зорланғаны туралы кінәсін мойындамай отыр. Біздің жәбірленуші тараптан өлтіруден бөлек, тағы да зорланған мәселесін дәлелдеу мәселесі тұр. Осы барысында енді жұмыс істей бастаймыз.


Жәбірленушілер қылмыс жасаған адамды, өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет деген пікірде. Оның айыбын дәлелдеу үшін барлық дәйектерді ұсынамыз дейді.

Қадыржан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛІ:

Біздің тараптан сотталушы Төребековтың жауаптары, куәгерлердің жауаптары, Еділоваға қатысты  мінездемелері араларында болған хаттамалар, аудиожазбалар, сарапшылардың қорытындыларын негізге ала отырып осы зорлағаны бойынша біз кінәсін дәлелдеуге тырысып жатыр.

Атышулы іс 30 томнан тұрады. Процесті судья Еркін Майшынов қарауда. Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс биыл наурыз айында болды. Жұмыстан шығып, іс-түссіз жоғалған Аяжанның денесі, Нұркент ықшамауданындағы пәтерден табылған еді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Айыпталушы 28 жастағы Түркістан облысының тумасы. Бұрын-соңды сотталмаған. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы 9 желтоқсанға өтеді.

Ә. Лесбек