Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркиядан баспана алып жатқан отандастарымыздың саны биыл төрт есе өскен

AstanaTV
07.12.2021ж. 20:00
1556
Түркиядан баспана алып жатқан отандастарымыздың саны биыл төрт есе өскен

Біздегі Үкімет үй бағасын реттей алмай жатқанда, қазақстандықтар жаппай Түркиядан баспаналы болудың қамына кірісіп кеткен. 2017-ші жылмен салыстырғанда биылғы 9 айдың ішінде аталған елден пәтерлі болғандардың саны шамамен 4 есе өскен. Өйткені ондағы баға бізге қарағанда қолжетімді көрінеді. Әріптесім Әсел Дүкембаева, пәтер бағаларын салыстырып көрді.

Биыл 9 айдың ішінде 25 мың қазақстандық, басқа мемлекетке қоныс аударған. Әсіресе Түркия елін таңдағандар көбейген. Ресми дерек бойынша, жыл басынан бері 74 азамат Түркияға көшудің қамына кіріскен. Солардың бірі алматылық Жазира Демеуова.

Жазира ДЕМЕУОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзім бұрыннан армандаймын Түркияның өзі үлкен ғой және кішкентай қалашықтарында тұрғын үй болса мысалы өзіңде, өте жақсы вариант Қазақстанда үй алу мүмкін емес, өз ақшаңа... жас кезіңде. Ондай қаражат барлығында бар емес.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылы Түркиядан 334 пәтерді отандастарымыз сатып алған. Бұл көрсеткіш биылғы 9 айдың ішінде 1339-ға жеткен. Елден көшкен қазақтардың басым бөлігі Түркияның Алания, Анталия аймақтарын таңдапты. Түркиядағы отандасымыздың айтуынша, бұл жердегі баспана бағасы бізден едәуір арзан.

Мейірбек ТҰРМАҒАМБЕТОВ, ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЫЖЫМАЙТЫН МҮЛІК САТУ АГЕНТІ:

Құрылыс салушы компания, үйдің сызбасын сызып жатқанда алсаңыз, әлдеқайда арзанырақ аласыз. Егер қаласаңыз, құрылыс аяқтала салысымен, сатып жіберіп, пәтердің үстінен 20-30 пайыз пайда көре аласыз. Ал дайын үйлердә масыла шаршы метрі 50-70 болатын пәтерді 50 мың еуроға сатып алуға болады. Түркиядағы нарықта сіз үйді жиһаздарымен ала аласыз. Тек тіс щеткасы мен чемоданыңызбен келсеңіз болды.

Түркиядағы риэлтордың сөзіне сенсек, наурыз айынан бері 2 мыңға жуық отандасымыз, аталған елден пәтерлі болыпты.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Бізде ғаламтор арқылы,  Нұр-Сұлтан мен Анталия, Аланиядағы пәтер бағаларын салыстырып көрдік. Мысалы, елордадағы 30-35 шаршы метрлік 1 бөлмелі пәтер 14-15 млн теңгеге  саудаланып жатыр. Оған үйге жөндеуге кететін қаражат пен пәтерді керекті жиһазыңыз бен тұрмыстық техникаңызды қоссыңыз. Ал дәл осындай пәтерді дайын күйінде Түркиядан 11-12 млн теңгеге табуға болады.

Демек біздегі тұрғын үйдің бағасы, құрылыс құнынан екі жарым есе қымбат. Сарапшылардың айтуынша, тамыз айында елдегі дайын баспананың шаршы метрі 388 мыңға теңгеден саудаланған. Құрылыс материалдарының қымбаттауы, бағаға баға қосып отыр деп түсіндірді.  

Виктор МЮКРЮКОВ, "ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ" ПРЕЗИДЕНТІ:

Сұраныс бар жерде баға өседі, бұл нарықтың заңдылығы. Әрбір салынып жатқан жоба 10 пайызға  көтеріліп отырады.  Бұған құрылыс материалдарының қымбаттауының да өз әсері бар.


Қалай болғанда да баспаналы болу, екінің бірінің басына бұйыра бермейтін бақ. Банк қойған талаптан өткеннің де,  өтпегеннің де машақаты жетерлік. Пәтер жалдап тұ­ру да қалтаға салмақ.

Ә. Дүкембаева