Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Өнеркәсіп саласында білікті маман тапшы, - Президент

AstanaTV
07.12.2021ж. 20:00
864
Өнеркәсіп саласында білікті маман тапшы, - Президент

«Алтын сапа» байқауының талаптарын күшейту керек. Кәсіпкерлік сапаны, басқаудың еуропалық стандартына сәйкестендіру қажет. Бұл туралы ұлттық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне онлайн қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Осы арқылы елде өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, сапасының жақсаруына да сеп болмақ, дейді. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласында білікті мамандардың тапшы екендігіне тоқталды. Аталған кемшіліктің кесірі индустрияландыру процесінің ілгерілеуіне әкеп соғатынын жеткізді. Олқылықтарды жою үшін Үкіметке тапсырма берді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

2025 жылға қарай 500-ге жуық индустриялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үкімет аталған өндіріс орындарында жұмыс істейтін білікті кадрларды осы бастан дайындауы керек. Бүгінде мемлекет жұмыс берушілерге нақты қолдау көрсетіп отыр. Жас мамандарға қолдау көрсету шаралары іске асырылуда. Мемлекет тарапынан тиісті субсидиялар қарастырылған. Дегенмен, әлі де жеткіліксіз.

"Алтын сапа" ұлттық байқауының дәстүрге айналғанына биыл 15 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлер тарапынан 2500-дей өтініш түскен. Ал, биыл 160 кәсіпорыннан қатысуға ниет білдіріпті. Үміткерлердің арасынан, бизнестің үш категориясы бойынша үздіктер анықталып, 4 номинациямен марапатталды.

А. Данияр