Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Елшілер Астана күнімен құттықтады

AstanaTV
06.07.2016ж. 20:00
3353
Елшілер Астана күнімен құттықтады

Астана 18 жыл ішінде дүниежүзіндегі ең беделді елордалардың біріне айналды. Қазақстандағы шетел дипломаттарының пікірі осындай. Бір топ елші аз уақыт ішінде аяғына нық тұрған Астананы туған күнімен құттықтады.

Михаил Бочарников, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі:

Барлық қазақстандықтарды, әсіресе Астана қаласының тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. Астана күннен күнге көркейіп келеді. Таяуда қала халқы 1 миллионға жеткенін естідік. Осылайша бас шаһар әлемдегі ең ірі, беделді астаналардың қатарына қосылды.

Монтасер Абу Зейд, Палестинаның Қазақстандағы елшісі:

Мен барша қазақ халқын Астана күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Және Президент мырза Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен де құттықтағым келеді. Ұлы халыққа бақыт, бейбіт аспан тілеймін. Қазақ халқы - барша ұлттарға үлгі. Өте жомарт, кеңпейілді халық. Сіздерге тек қана тұрақтылық пен қауіпсіздік тілейміз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА